Жел, бұршақ, жаңбыр – 18 мамырға арналған ауа райы болжамы

599

0

Қазгидромет 18 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республика бойынша әлі де құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр, оңтүстікте және солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, желдің күшеюі, бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, желдің күшеюі күтіледі, күндіз желдің екпіні 23 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, жел екпіні 15-20 м/с дейін, күндіз 23-28 м/с жетеді. Жамбыл облысының күндіз кей жерлерінде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23 м/с, түнде және таңертең тұман байқалады.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, бұршақ болуы мүмкін, желдің күші 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, жел екпіні 15-20 м/с. Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал. Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз кей жерлерде жел 18 м/с күшейеді. Түнде Атырау облысында, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел тұрады, жылдамдығы18 м/с.

Алматы, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде күн күркірейді. Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<