Жел күші 23-28 метр секундқа жетуі мүмкін

288

0

 Бүгін, 13 қараша күні еліміздің басым бөлігінде суық ауа райы сақталады. Кей аймақтарда қар жауып, жолдарда көктайғақ болады деп хабарлайды NUR.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар аймақта тұман түсіп, жел күшейіп, жолдарда көктайғақ болады. Жауын-шашынсыз ауа райы батыс және солтүстік-батыс аймақтарда орнайды. Басқа аймақтарда қар жаууы ықтимал.

Астанада бүгін күн құбылмалы, жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы -8 – 10 градус, түнде -17-19 градусқа дейін аяз болады.

Алматыда түнде қар жууы ықтимал, күндіз -5-7, түнде -3-5 градус нөлден төмен болады.

Синоптиктер Түркістан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында, ал түнде Атырау, Ақмола және Қызылорда облыстарында жел көтеріліп, жел күші 23-28 метр секундқа жетуі мүмкін деп хабарлайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<