Жемқорлық туралы ақпарат берген адам қанша сыйлықақы алады

316

0

Жемқорлық туралы ақпарат берген адам қанша сыйлықақы алады Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу біржолғы ақшалай сыйлықақы көлемі мен төлеу тәртібі ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген. 
Біржолғы ақшалай сыйлықақы көлемі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК), онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК, ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК, ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК, аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК түрінде бекітілген.

ТОЛЫҚ АҚПАРАТ: https://www.inform.kz/kz/zhemkorlyk-turaly-akparat-bergen-adam-kansha-syylykaky-alady_a3346204

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<