Жиделіарықта көкпаршылпр дауыс берді

411

0

Шиелі ауданы, Жиделіарық ауылының көкпаршылары бір кісідей келіп, №299 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасады.

Ұлттық спортты серік етіп жүрген жігіттер Шиелі ауданында өтіп жатқан саяси науқанға бір кісідей қатысып қайтпақ ниетте атқа қонған. Саптама етік киіп, тобылғы қамшы ұстаған олар Шиелі ауданы әкімінің сайлауында өз таңдауларын жасады.

«Бүгінгі күн біз үшін жауапты күн болды. Сондықтан ауылдағы көкпаршылар жиналып, бірге барып дауыс бердік. Жалпы сайлауға әркім жауапкершілікпен қарап, ел ертеңі үшін дауыс берсе екен», дейді көкпаршы Жомарт Сәрсенбекұлы.

Айта кетейік, бүгін алғаш рет пилоттық негізде Қызылорда өңірінің Сырдария және Шиелі аудандары әкімінің сайлауы өтуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<