Жоғалып кеткен үш баланың анасы өлі күйінде табылды

272

0

Семейде жоғалып кеткен үш баланың анасы өлі күйінде табылды. 38 жастағы әйел өзімен бірге құжаттарын да, телефонын да алмай, сағат 17:00 кезінде үйден шығып кеткен, деп хабарлады semeyainasy.kz сайты.
20 тамыз күні із-түссіз жоғалып кеткен Цементный ауылында тұратын үш баланың анасы өлі күйінде табылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.
Еске сала кетсек, 38 жастағы әйел сағат 17:00 кезінде үйінен шығып кеткен. Өзімен бірге құжаттарын да, ұялы телефонын да ала шықпаған. Сондай-ақ, ол қайда кететінін ешкімге айтпаған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<