Жол жөндеу жұмысымен танысты

201

0

Арал ауданының басшысы М.Оразбаев Аманөткел ауылдық округінде болды. Мұнда ол Аманөткел елді мекеніне кіреберіс жолды орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Тиісті бөлім қызметкерлеріне жұмыстың уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуын тапсырды.

Арал ауданының экономикасын дамытудың 2017-2019 жылдарға арналған «Жол картасы» бойынша жүзеге асырылып жатқан жол жөндеу жұмыстары «Стандарт Ойл КЗО» ЖШС арқылы ағымдағы жылдың сәуір айында басталған. Қазіргі таңда елді мекенде қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<