Жол жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталуы тиіс

261

0

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінің екі аралығындағы жолды кеңейту жұмыстарының барысын көрді.
Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан Қазалы қаласынан шыға беріс учаскелеріне асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Аудан басшысы соңғы уақытта тұрғындардың тарапынан мердігер мекеменің жұмыстарына көптеген сын-пікірлер айтылып жатқанын ескертті.
Алдағы уақытта да осы жұмыс қарқынын сақтап, құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтау қажеттігін қадап айтты.
Сондай-ақ тиісті сала басшыларына құрылыс жұмыстарының сапалы болуын бақылап, белгіленген кестеге сәйкес аяқтау керектігін тапсырды.
Аудан орталығы – Әйтеке би кенті мен Басықара ауылы арасындағы жолды орташа жөндеу жұмыстары басталып кетті. Қазіргі таңда мердігер мекеменің жұмысшылары 2 шақырым жолды асфальттады.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жолшылармен кездесіп, асфальттау жұмыстарының барысын көрді.
Тиісті сала басшысы мен мердігер мекеменің жауапты қызметкерлеріне асфальттау жұмыстарың сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы Әйтеке би кентіндегі N7 насос станциясына да арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарды көрді.
Аудан басшысы жаз мезгілінде тұрғындар ауыз суды көп тұтынатындығын атап өтіп, олардың қажеттіліктерін өтеу үшін тиісті жұмыстар атқарылуы тиіс екендігін атап өтті.
Сондай-ақ ауыз судың сапасы тұрақты назарда ұстауды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<