Жолаушыларды елорда шекарасынан алып өтпек болған таксист ұсталды

275

0

Елордада карантин жарияланған уақыттан бері қала шекарасынан заңсыз өту фактілері көбейді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
Айталық, 22 наурыз күні Елубаев атты азамат карантин режимі кезінде жолаушыларға қала шекарасынан заңсыз өткізу қызметін ұсынған. Сөйтіп полиция қызметкерлеріне ұсталып қалды.
 «Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін Елубаев 15 тәулікке қамалды» деп мәлім етті прокуратура.
Айта кетейік, бұған дейін елорданың тағы төрт тұрғыны қала шекарасынан жаяу шығып бара жатқанда ұсталып, қамалған еді. Сондай-ақ карантин режимін бұзған тағы 7 тұрғынның ісі сотта қаралып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<