Жосалыда Kaspi bank терминалы орнатылды

1278

0

Жосалы кенті орталығындағы «Орда» сауда үйінде Kaspi bank
терминалы орнатылды.


Бүгін Қармақшы ауданы әкімі Мұса Қалдарбеков кент орталығындағы орналасқан терминалды арнайы барып көрді.


Бұл қызмет түріне аудан тұрғындары өте мұқтаж екені белгілі және аудан басшысының халықпен кездесу есебінде тұрғындар тарапынан көтерілген болатын.


Сонықтан да біраз уақыттан бері банк басшылығымен аудан әкімдігі тарапынан жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде аудан орталығына терминал қойылды.


Көптеген қызмет түрлерін көрсететін Kaspi bank терминалы тұрғындарға үйден шықпай-ақ банк қызметінің бірнеше түрлерін алуға, тұтынушылық несие төлемдері мен коммуналдық төлемдер жасауға көмектеседі.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<