ЖҰРТШЫЛЫҚ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚҚАН ЖӘРМЕҢКЕ

240

0

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыс орталығының ауыл шаруашылығы өнімдерімен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылдың 27-ші қазан күні сағат 08-00-де Тасбөгет кентінде өткен ауыл шаруашылығында жалпы көлемі 700 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері апарылып жалпы құны 80 млн. теңгені құрады.
Жәрмеңкеде жергілікті ауыл шаруашылығы тауарлары өзге сауда орындарынан 20 пайызға арзандатылған бағамен саудаға қойылды. Негізігі ауыл шаруашылығы бағаларын талдайтын болсақ ақ күріш – 170 тг, қызылша – 100 тг, бақша асқабақ кг – 50 тг, жуа – 50 теңгеден, қырыққабат 80 теңгеден, қияр – 180 теңгеден, қызанақ – 180 теңгеден, болгар бұрышы – 80 теңгеден, картоп – 70 теңгеден, ет – 1250, балық – 350 теңге аралығында, қауын (кг) 70 теңгеден, қарбыз (кг) 50 теңгеден халыққа сатылды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында: «Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек. Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту», – деп атап көрсетті. Еңбектенген адамға ен дала ерекше өнім береді. Тек уақытылы күтіп баптау қажет. Бүгінде ала жаздай тер төккен шаруалар бейнетінің зейнетін көріп отыр. Шиелі ауданы ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған ауданның бірі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<