Жыл басынан 181 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

285

0

Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласында заңдылықты арттыру мақсатында Қызылорда ОІІД-нің Күзет қызметін бақылау бөлімімен ағымдағы жылдың  4 ай көлемінде бірқатар жоспарлы жұмыстар атқарылды.

Қазіргі таңда Күзет қызметін бақылау бөлімінің есебінде 182 жеке күзет ұйымы бар. Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығының 1 филиалы қызмет атқарады.

Күзет қызметімен айналысу құқығына жыл басынан  3 мемлекеттік лицензия берілді.

Сонымен қатар, ІІМ-нің Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі  2018-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жеке күзет ұйымдары күзететін азаматтардың пәтерлері санын ұлғайтуға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.

Қабылданған шаралармен азаматтардың 1146  үй-жайлары,  оның ішінде 715-жеке күзетпен, 431-і орталықтандырылған бақылау торабымен күзетке алынды.

Есеп беру кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтауға 88  күзет қызметі субъектісі және олардың филиалынан 115 күзетші тартылды, оның ішінде 70 полицияның қоғамдық көмекшілері бар.

Ішкі істер органдарының мемлекеттік емес күзет қызметі субъектілерімен өзара іс-қимыл жасасуы нәтижесінде жыл басынан 181 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, күзетілетін объектілерде 4 ұрлық пен құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Қазақстан Республикасының 28.12.2017 жылы №127-VI Заңымен ӘҚБтК-нің 470-бабына өзгеріс енгізілді, яғни  ҚР ӘҚБтК-нің 470-бабының 1-1 бөлігінде: Жеке күзет ұйымдарында күзетші қызметінде жұмыс істейтін жұмыскерлердің дайындалып жатқан не жасалған қылмыстар туралы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, не аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар күзетілетін объектілерден күзет дабылының қосылғаны туралы өздеріне белгілі болған фактілерді жасыру, сол сияқты Ішкі істер органдарын хабардар етпеуі – жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.

 

Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі

 

 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<