Кеше Қазалы ауданының әкімі М.Ергешбаев білім беру ұйымдарының 2018-2019 жылдарға жылу беру маусымына дайындығы туралы орынбасары Ғ.Еркебай мен аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б.Қалиды қабылдады.
Жалпы ауданымызда білім бөліміне қарасты 36 мектеп (3 негізгі, 33 орта), 1 балабақша (№7 «Балдырған») және 4 қосымша (әуез мектебі, оқушылар үйі, кешкі мектеп және «Шағала» БСДО) білім беру ұйымдары бар.
Қабылдауда алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары талқыланды. Сонымен қатар, аудан әкімі қала, кент, ауыл-аймақтардағы білім беру ошақтары мен балабақшалардың жылу маусымына дайындығын қадағалап, маусымды сәтті аяқтау үшін қажетті құрал-жабдықтар мен бу қазандарын қайта жаңарту керектігі жөнінде жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<