Жылу беру маусымы тұрақты өтуде

273

0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Қызылорда қаласында жылу беру маусымы жоспарға сәйкес тұрақты өтуде. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Қызылорда жылу электр орталығы мекемесінің «Жылу жүйелері» бөлім басшысы Хасанғали Иманғалиев баяндады.

– Қызылордада күнтізбелік бес күн ішінде гирдрометеорологиялық қызмет тіркеген сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +8⁰ С және одан жоғары болған жағдайда қала әкімінің шешімімен жылу беру маусымы аяқталады. Биыл шамамен 10 немесе 15 сәуірге жоспарланып отыр, – деді бөлім басшысы Хасанғали Айғалиұлы.

Жалпы, Қызылорда қаласы бойынша жылу желілерінің ұзындығы – 199, 05 шақырымды құрайды. 2023 жылғы жылу маусымы барысында 11,9 км жылу желілеріне жоспарланған жөндеу жұмыстары толығымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізілді. Соның нәтижесінде, Қызылорда қаласының жылу желілердің тозу деңгейі 48%-дан 45,1%-ға азайды.

Ал, биыл жалпы ұзындығы 4,3 км диаметрі 57-325 мм құрайтын кварталаралық жылу желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары, 6 жоба бойынша жалпы ұзындығы 9,5 км қаланың жылу желілеріне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<