Жылыжайларға қатысты ақпарат

128

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жылыжайлар кешені бойынша әлеуметтік желілерде жарияланған видеоға сәйкес төмендегіні хабарлайды.

2012 жылы барлығы 120 бірлік жылыжай кешені салынған. Бұл жылыжайларды салуға облыстық бюджеттен қаржы бөлінбеген.

Аталған жылыжайлар «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Қор) есебінен салынып, жеке кәсіпкерлерге лизингке берген.

2021 жылғы желтоқсанда Қор «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ға (бұдан әрі-Корпорация) қосылу жолымен таратылып, яғни талап ету құқығы Корпорацияға өтті.

Бүгінгі таңда, Корпорация шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты берешекті өндіріп алу бойынша талап-арыз жұмыстарын жүргізуде.

Корпорация Қызылорда облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына берешекті өндіріп алу және кейіннен лизинг нысанасын алып қою арқылы қаржы лизингі шартын бұзу туралы шешім қабылдады және талап арыз берді. Қазіргі уақытта сотта қаралуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<