ЗИЯНДЫ ӘДЕТКЕ ЖУЫМА

276

0

Жуырда «Жастар денсаулығы» орталығы мамандарының қатысуымен «Зиянды әдеттер және олардың алдын алу» тақырыбында ақпараттық кеңес беру шарасы  өтті. Оған М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледждің №177 топ студентері мен топ жетекшілері қатысты. 

Шара барысында «Жастар денсаулығы» орталығының қоғамдық денсаулық дәрігері М.Бақытқызы, валеолог Г.Айтмағанбетқызы қатысушыларға зиянды әдеттер, атап айтқанда, шылымның, алкогольдің, есірткінің адам ағзасына зияны, олардың әсерінен туындайтын аурулар, олардың алдын алу жолдары туралы ақпарат берді.    

Сонымен қатар қатысушылар салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулық арқылы үлкен жетістіктерге жету жолдарына бағыттайтын белгілі спортшылар жайлы, емдік дене шынықтыру, тазалық гигиенасы, дұрыс тамақтану туралы «Салауатты өмір – жарқын болашақ» атты кітап көрмесімен танысты.

Жарқын ЕРАЛИНА,

М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық

колледж  кітапханашысы. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<