«Ауыл аманаты» жобасының Жалағаш ауданында іске асырылу барысы қаралды

92

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың Қызылорда облысына іссапары барысында өткен «Ауыл аманаты» жобасының Сыр өңірінде іске асырылуы бойынша мәжіліс отырысындағы тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды.

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов жауапты сала басшыларымен бірге, кент және ауылдық округтерде аталмыш жоба аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді тыңдады.

Жалағаш ауданы бойынша 2024 жылға 49 жобаны «Ауыл аманаты» жобасы аясында қаржыландыру жоспарлануда. Аудан әкімі Ардақ Ибраимов жаңа жұмыс орындарын қалыптастырып, ауданда кәсіпкерлік саласының оң серпін алуына септігін тигізетін тиімді жобаға баса назар аударуды тапсырды.

Және де, аудан бойынша кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы сүйемелдеу жұмыстарында тұрғындарға жаңа бағыттар мен өндірістік негіздегі идеялар туындайтындай нұсқаулық беру қажеттігін жеткізді.

Жалағаш ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<