Есепті кезеңде 337698 адамға 127,7 млрд теңге көлемінде зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы төленді. Жасына және мемлекеттік базалық зейнетақы, жәрдемақының артуына байланысты былтыр қаңтардан бастап 224 мыңнан астам, 1 сәуірден бастап 247 мыңнан астам төлем алушының ісі қайта қаралды. 25 мыңнан астам көпбалалы отбасына жаңадан жәрдемақы тағайындалды. Заңнамаға толықтыру енгізілуіне байланысты 8 және одан да көп баласы бар 85 отбасына берілетін жәрдемақы мөлшері 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қайта есептеліп, айырмашылығы шілде айында төленді.
«Ардагерлер туралы» Заңға сәйкес былтыр маусымда 274 ардагер әскери қызметшіге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды. Кейбір санат үшін белгіленген коэффициенттердің өзгеруіне байланысты 537 адамның жәрдемақы мөлшері қайта қаралды.
«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес жыл басында айлық есептік көрсеткіш (2917 теңге), ең төменгі зейнетақы (43272 теңге), базалық зейнетақы төлемі (18524 теңге), күнкөріс деңгейі (34302 теңге) артты. Сондықтан жасына және еңбек сіңірген жылдарына қарай берілетін зейнетақы биыл 7% көбейді. 236,9 мыңнан астам адамның зейнетақы, жәрдемақысы қайта есептелген түрде төленуде.
Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері 10789 қызмет алушыға мүгедектік, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау қызметтерін көрсетті. Бұл алдыңғы жылғыдан 8,2% аз. 10 мың адамға шаққандағы алғашқы мүгедектік деңгейі салыстырмалы түрде 27,3-тен 25,5-ке төмендеген. Алғаш рет мүгедектік тағайындалған 1406 ересек адамның 81,1%-і – еңбекке қабілетті жастағылар, 18,9%-і – зейнеткерлер.
Профилактикалық бақылау жүргізілген 28 субъектіде 235 заңбұзушылық анықталып, оларды жою туралы 38 ұйғарым берілді. Жоспардан тыс 1 тексеру бойынша 20 заңбұзушылық анықталып, 1 лауазымды тұлғаға айыппұл салынды. Анықталған 255 заңбұзушылықтың 81,6%-і жойылды. 18,4%-ін жою мерзімдері алдағы уақытқа белгіленген.
2020 жылы жеке және заңды тұлғалардың 1336 өтініші қаралып, 283-і қанағаттандырылды. 862-сі бойынша түсіндірме беріліп, 8-і қысқартылды. 183 азамат басшылықтың жеке қабылдауында болды. Қаралған өтініштер саны 2% азайды. Оның көпшілігі зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу мәселелеріне байланысты.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<