Жасыл желек – жердің көркі

596

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбекұлының және құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен «Этно ауыл» саябағына санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізіліп, аудан климатына төзімді тал көшеттері отырғызылды.

Шара барысында аудан басшысы ел Президентінің тапсырмасымен бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңыздылығына тоқталып, игі бастамаға барлық мекеме, кәсіпорын ұжымдары мен тұрғындарды белсенді атсалысуға шақырды.

Экологиялық акция аясындағы тазалық жұмыстары ауданның барлық аумағында жалғасын тауып, саябақтар мен аллеяларды абаттандыру, көркейту-көгалдындыру жұмыстары қарқынды жүргізілді. Оған 1400-ге жуық адам жұмылдырылып, 800 түп тал көшеттері отырғызылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<