Қармақшыда жаңа демалыс орны салынбақ

349

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек тиісті сала басшыларымен бірге Жосалы кентінде жаңадан салынатын жағалау орнын көріп, құрылыс жұмыстарының жоспарымен танысты.

Жазғы демалыс аймағы Сырдария өзенінің жағалауында орналаспақ.

Аудан әкімі ауданымыздың экожүйесін сақтай отырып, тұрғындардың демалуы үшін неғұрлым ыңғайлы әрі тартымды орта жасаудың маңыздылығына тоқталып, осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына және кент әкіміне жұмыстарды мерзімінде және сапалы етіп жасауды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<