«102» қызметі халықтың сенімімен өлшенеді

729

0

Тәулік бойы қызмет ететін Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Жедел басқару орталығы қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, қылмыстарды ашу, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау бағы­тында аса маңызды қызмет атқарады.

Қандай да бір шағымы немесе нара­зылығы бар облыс тұрғындары ең алдымен кезекші бөлімге хабарласып, араша сұрайды. Онда тіркеп алу ғана емес, қылмысты жедел ашу үшін поли­цияның кешендік күшін тиімді пайдалану, алғашқы тергеу жұмысын сапалы жүргізу жұмыстары толыққанды ұйымдастырылып отыр. Мәселен, түскен хабарламаны қабылдаған кезекші жедел жос­парлау орталығына жолдап, жедел тергеу тобы тез арада оқиға орнына жетеді.

ОІІД баспасөз қызметі хабарла­ғандай, қызметтің тиімділігін арт­тыру мақса­тын­да әскери-қыз­мет­тік дайындық аясында жауапты кезекшілер мен Жедел бас­қару орталығы операторларының кезек­шіліктен тыс уақытта оқиға орнына баруы тәжірибеге енгізілді. Оқиға орнына барған кезекшілер полиция наряды, учаскелік полиция инспекторлары мен жедел тергеу тобының құқық бұзушылықтарды рәсімдеу барысымен етене танысуына мүмкіндік алады. Ауысым соңынан кезекшілер атқарылған жұмысты қоры­тын­дылап, департамент бастығының орын­басарына есеп береді, басшылық өз кезе­гінде кезекшілердің қызметіне баға беріп, оның кәсіби деңгейін арттыруға ұсыныстар енгізеді.

Осы жылдың 1-6 қыркүйек күндері аралығында Қызылорда ҚІІБ Жедел басқару орталығының «102» арнасына азаматтардан келіп  түскен полицияның құзырына жататын хабарламалардың саны – 514 болса, оның ішінде қылмыс құрамы бар – 74, әкімшілік құқық бұзушылықтар – 219, басқа да хабарламалар – 214 болып отыр. Күнделікті келіп түскен хабарламалар, оның ішінде қылмыс пен құқық бұзушылықтар талдауға алынады.

Жалпы полиция қызметіне енгізілген жаңа өзгерістер оң нәтиже беруде. Бірін­шіден, полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейі, жұмыстың тиімділігі артса, екіншіден халықпен сенімді байланыс орнату тетіктері нығайып отыр.

 

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<