11 айдың қорытындысы баяндалды

298

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады.

Мемлекет басшысына Маңғыстау облысының биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды. Сонымен қатар облыстағы тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, инвестиция тарту, мал азығын әзірлеу және тағы басқа мәселелер жөнінде мәлімет берілді.

Нұрлан Ноғаев Президенттің Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде берген тапсырмалары облысты дамытудың кешенді жоспарына енгізілгенін жеткізді. Мемлекет басшысы жылды жоспарға сәйкес қорытындылауды тапсырды.

Елшіні қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Грузиядағы жаңадан тағайындалған елшісі Мәлік Мырзалинді қабылдады.

Әңгімелесу барысында Президент Грузиямен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәлік Мырзалинге екі ел арасындағы сауда-экономикалық, көлік-логистикалық қатынастарды жандандыру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.

Әлем чемпионын құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аралас санатта үстел теннисінен әлем чемпионы атанған халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алан Құрманғалиевті құттықтады.

– Қазақстанда үстел теннисінің жанкүйерлері өзіңді мақтан тұтады. Осы жетістіктеріңмен шектелмей, беделді әлемдік турнирлерде ең жоғары жүлделерге ие болу үшін спорттағы шеберлігіңді шыңдай түсуіңе тілектеспін. Бұл міндет сенің қолыңнан келеді! Талмай еңбек ет, күрес және жеңістерге жете бер! – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<