Үздік жиырма студент марапатталды

446

0

17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қызылорда облысы бойынша жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы жастардың қатысуымен «ТОП – 20 студент» жобасының марапаттау рәсімі өтті.Марапаттау рәсіміне облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары А.Қамбаров арнайы қатысып, барша студенттерді төл мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, Артур Раушанбекұлы студенттік шақтың адам өміріндегі ең маңызды кезең екенін айта келіп, берілген әр мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырды. Өз кезегінде студенттер студенттік шақтың қызықтарымен, жеткен жетістіктерімен бөлісіп, барша ұйымдастырушыларға шексіз алғысын білдірді. Дарынды жастарды қолдау, жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында өздерінің білім-білігі мен таланттарының арқасында табысқа жеткен үздік студенттерді анықтау және жұмысшы біліктілігін танымал ету мақсатында ұйымдастырылған байқаудың облыстық кезеңіне қала және аудандардан іріктелген 60-қа жуық студент қатысып, өзара бақ сынасқан болатын. Жоба қорытындысымен аймақтық, ұлттық және халықаралық Worldskils чемпионаттарының, кәсіби шеберлік байқауларының қатысушылары мен жеңімпаздары, спорттық жарыстардың, түрлі конкурстардың, олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары атанған 20 студент үздік деп танылды.

Шара соңында жоба жеңімпаздарына Артур Раушанбекұлы облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының алғыс хаты мен арнайы статуэтка табыстады. Биыл алғаш рет өткізіліп тұрған жоба алдағы уақытта дәстүрлі түрде өз жалғасын таппақ. Шара соңында қатысушылар естелік суретке түсті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<