13 шілдеде ел аумағының басым бөлігінде жел тұрып, жаңбыр жауады

535

0

Қазгидромет 13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оңтүстік Каспий циклонының әсерінен республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Елдің солтүстігінде, солтүстік-шығысында және орталығында нөсер жаңбыр жауады. Тек оңтүстік-батыс пен батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша кей жерлерде дауыл, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі, солтүстік-батыста және орталықта тұман түседі. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұршақ, дауыл тұруы ықтимал, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ күтіледі, жел 15-20, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді. Алматы облысының таулы аудандарында күндіз бұршақ түсуі мүмкін, кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз басым бөлігінде жел тұрып, 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі, Қызылорда облысының түнде және таңертең кей жерлерінде дауыл тұруы ықтимал. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұршақ, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<