Шәкәрім оқулары

2891

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай облыстық «Шәкәрім оқулары» байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты – ақын шығармаларын насихаттау, жас ұрпақтың поэзияға деген құштарлығын арттыру.

Шараға қала және аудан мектептері арасында өткен байқаудың жеңімпаздары қатысып, ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға жауап беріп, берілген өлең үзінділері мен шумақтарын талдады.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Қазалы ауданының №170 М.Матаев атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Гүлназ Жеңісбекқызы, 1-ші орынды Қызылорда қаласындағы №43 Ж.Махамбетов атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Сезім Асқарқызы, 2-ші орынды Жаңақорған ауданы, Қыраш ауылының №180 мектебінің 7 сынып оқушысы Шұғыла Зайділла, үшінші орынды Шиелі ауданы №251 М.Әуезов атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Жігер Ержанұлы иеленді. Байқау жеңімпаздары арнайы дипломмен, алғыс хаттармен марапатталды.

Байқау жеңімпазы Гүлназ Жеңісбекқызы наурыз айында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен өтетін республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауына жолдама алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<