18 жастағы Дильназ сайлауда алғашқы таңдауын жасады

1132

0

Қызылорда қаласының тұрғыны Дильназ Ділдәбекова өз өмірінде алғаш рет дауыс берді. Ол бүгін облыс орталығындағы № 1 мектеп-лицейде орналасқан № 193 сайлау учаскесінде таңдауын жасады.


– Мен 2003 жылы 6 қаңтарда дүниеге келгенмін. Төрт күн бұрын 18 жасқа толдым. Сондықтан бүгін өз таңдауымды жасағанды дұрыс көрдім. Менің ойымша, мұндай маңызды шараға белсенді қатысу – әрбір азаматтың міндеті, – деді ол.


Сайлау учаскесінің мүшелері сайлауда алғаш рет таңдау жасаған Дильназға сый-сияпат ұсынды.


Айта кетерлігі, бұл сайлау учаскесі қаланың орталық бөлігінде орналасқан. Мұнда барлығы 2333 адам сайлаушы ретінде тіркелген.
Азаматтардың маңызды науқанға белсенділігі ерекше. Әсіресе, орта жастағы тұрғындардың сайлауға көп келіп жатқанын аңғардық

Әділжан ҮМБЕТ,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<