2 миллионыншы тұрғынға пәтер сыйлады

266

0

Биыл маусым айында Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойын­ша Алматының екі миллионыншы тұрғыны өмірге келгенін айтқан едік. Қала күні алты бала өсіріп отырған бұл отбасы үшін қуанышты күн­­ге айналды. Аяланың ата-анасына су жаңа үш бөлмелі пәтер сыйға тар­­тылды.

Екі миллионыншы алма­ты­лық Аяла Жамбыл полиция қызметкері Бейбіт Әбілдаев пен балабақша тәр­бие­шісі Әлия Жаныбекованың отба­­сында өмір есігін ашқан. Ол отба­сын­дағы алтыншы қыз. Бұған дейін көпбалалы отбасы туыстарының үйін паналап келген. Баспана жырына нүкте қойып, шаһар басшысының қо­лы­нан пәтер кілтін алған жан­дар­дың қуанышында шек жоқ.

«Ана ретінде балаларымның туған күндері ең бақытты сәт болса, ал бүгін пәтер кілтін алу ешқашан ұм­ы­­тылмайтын ең бақытты күн. Біз мұндай сыйлық аламыз деп ой­лаған жоқ едік», дейді Аяланың ана­сы.

Қала күні баспанадан тарыққан та­лай­дың алыстағы арманын жа­қын­дат­ты. Атап айтқанда, 227 көп­балалы отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойын­ша мегаполистің Наурызбай ауда­нында салынған жаңа пәтерге кірді.

Қоныстанушыларды құттықтаған Б.Сағынтаев тұрғындарға әлеуметтік қам­қорлық таныту мемлекеттік сая­­­сат­тың басты бағыты екенін ай­­тып, Алматыда жыл басынан бері 2 340 мұқтаж отбасыға же­ңіл­­­де­тіл­ген несие­мен тұрғын үй беріл­генін мәлімдеді. Әкімнің сөзін­ше, коммуналдық тұрғын үй қо­рынан – 41;
«Бақытты отбасы» рес­пуб­ликалық бағдарламасы аясында көп­балалы, толық емес отба­сылар мен мүгедек балаларды тәр­биелеп отыр­ған жан­дар­ға 181 не­сие­лік заем рәсім­делген.

Әсіресе, көпбалалы отбасыларға берілетін несие санын ұлғайту мақ­сатында жергілікті бюджеттен несие­лер­ді қосымша қаржы­лан­ды­ру­ға 3,3 млрд теңге бөлініпті. Бұл шара тағы 223 жанға несие беруге мүм­кін­дік тудырмақ. «Бақытты отбасы» ба­ғ­дар­ламасы аясында 1 013 отба­сын ­бас­­панамен қамтамасыз ету жос­пар­ланған.

Қала билігі тарапынан тұрғын үй бағдарламаларына қажетті алғашқы төлемнің бір бөлігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу үшін 1 млн теңге сомасындағы тұрғын үй сертифи­кат­тары әлеуметтік көмек тү­рін­де өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріліп келеді. Бұл үшін жер­гі­лік­ті бюджеттен 2 млрд теңге қа­рас­ты­рылған. Қа­ланың кезекте тұрған тұрғын үй сертификатын алушылар – І және ІІ топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отыр­ған­дар, жетім балалар мен ата-ана қам­қор­лығынан айырылғандар, сондай-ақ көпбалалы отбасылар.

egemen.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз