2 сәуір. Күн райының болжамы

190

0

2 сәуірде Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де жоғарғы қысым аймағында болатындықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында, батысында және қиыр солтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын, оңтүстік-шығысында таулы аудандарда мол жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауылмен, қиыр солтүстікте жаяу бұрқасынмен күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қостанай, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с, Қостанай облысында екпіні 25 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейеді, күндіз шаңды дауылмен. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Атырау, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Ақтөбе облыстарының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

ҚазАқпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз