2022 жылғы ораза қай күнге келетіні белгілі болды

8010

0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2022 жылғы діни күндер кестесі бекітілгенін хабарлады.

Басқарманың баспасөз қызметі таратқан ақпараттық хабарламада Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалғанын айтады. Десе де пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескерткен.

Кестеге сәйкес, 2022 жылғы ораза 3 сәуір-1 мамыр аралығында болады. Қадір түні сәуірдің 28-нен 29-на қараған түнге сәйкес келсе, құрбан айт мерекесі 9-11 шілде аралығына белгіленіп отыр. Мәуліт қазанның 7-сі мен 8-інің бірінде болады.

qamshy.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<