23 қаңтар – Қолмен хат жазу күні

1375

0

Жыл сайын 23 қаңтарда әлемде Қолтаңба күні немесе Қолмен хат жазу күні (National Handwriting Day) аталып өтеді. Жыл өткен сайын танымалдылығы асқақтап бара жатқан компьютер, электронды пошта, электронды блокнот, СМС, әртүрлі сөз орамдары жазылған стикерлер және тағы да басқа қарым-қатынас құралдары заманауи адамды өз ойын қағаз бетіне қолымен жазу әдетінен алыстатып барады. Біршама уақыттан кейін қолымен жазылған хаттар мен ашық хаттар сирек кездесетін жәдігерге айналып жатса, таңқалмаңыз.

Мерекенің мақсаты – электронды технология жаулап алған заманда адамға өзінің даралығын көрсетуге мүмкіндік беретін қолмен хат жазуды еске салу. Қол жазуының бірегейлігін еске салу, тәжірибеден өткізудің маңыздылығын түсіндіру, әрбір адамның қолтаңбасы қайталанбас құбылыс екендігін тағы да бір рет дәлелдеу.

 Жазу ерекшелігін зерттеу арқылы адамның мінезін, мықты және осал тұстарын білуге болады. Графология адамның қабілеттерін тек қолмен жазылған хат арқылы анықтауға қауқарлы маңызды ғылымдардың бірі саналады. 

 Бұл мерекеге бастамашыл болған Жазу құралдарын өндіру қауымдастығы. Қолтаңба күні таңдалған 23 қаңтарда Тәуелсіздік Декларациясына алғаш болып қол қойған американдық қоғам қайраткері Джон Хэнкок дүниеге келген екен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<