24 қаңтарда нені атап өтеді?

729

0

Бүгін — халықаралық эскимо мерекесі. Себебі осы күні Онава қаласындағы дүкеннің иесі Христиан Нельсон эскимоға патент алған болатын. Аңыз бойынша, Нельсонның балаларға арналған тәттілер шығаратын фабрикасы болған. Бір күні ол фабрикада жұмыс істеп жүріп балмұздақтың үстіне шоколад тамызып алады. Кейін эскимоның жаңа партиясын серіктесі Рассел Стовермен бірге әзірледі. Олар жаңа өнімді «эскимо пай» деп атауды жөн көреді. Бұл ағылшын тілінен аударғанда «эскимостар бәліші» деген мағынаны білдіреді.

Сондай-ақ, бүгін әлем халқы құтыдағы сыра күнін атап өтіп жатыр. Көбікті бұл сусын алғаш рет 1935 жылы АҚШ-тың Виргиния штаты Ричмонд қаласында құтыға құйыла бастаған-ды. Осы күнге дейін де көпшілік сүйіп ішетін сусынды консервілеудің көптеген әдісі болған еді. Алайда олардың барлығы да 20 жылға жуық уақыт әзірлену үстінде болды.

Бастапқыда мұндай құтыны әдеттегі консервілер секілді ашатын. Кейін оны ашуға арналған арнайы пышақ жасалып шығарылды. Осылайша құтыдағы сыраның пайда болуына 40 жыл уақыт қажет болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<