28 шілде – бүкіләлемдік гепатитке қарсы күрес күні

394

0

Бауыр циррозынсыз созылмалы «В», «С» және «Д» вирустық гепатиті диагнозы қойылса, не білуіңіз керек?

Егер сіз Д-есепте тұрсаңыз, осы аурулар кезінде медициналық көмек тегін және толық көлемде – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан көрсетіледі.

Динамикалық бақылау туралы не білуіңіз керек?

Орта медицина қызметкері тексеруді 3 айда 1 рет жүргізеді

БМСК дәрігерінің қарауы – 6 айда 1 рет болады

Қандай бақылау зерттеулерінен өту керек?

тромбоциттермен қанның жалпы талдауы – 6 айда 1 рет

қанның биохимиялық талдаулары: аланинаминотрансфераза (АЛТ), аспартатаминотрансфераза(АСТ), фракциялар бойынша жалпы билирубин, креатинин, Альфа-фетопротеин (АФП) – 6 айда 1 рет

коагулограмма: халықаралық нормаланған қатынас (ХНҚ) – 6 айда 1 рет

«В» вирустық гепатитіне (HBV-ДНҚ) полимеразды-тізбекті реакция сапалы, оң нәтиже кезінде «В» вирустық гепатитіне (HBV-ДНҚ) ПТР жүргізу сандық – 6 айда 1 рет

бауыр УДЗ – жылына 1 рет

бауырдың жанама импульсті эластометриясы (Фиброскан) – 2 жылда 1 рет

«B», «С» (F2 фиброз сатысында) және «D» созылмалы вирустық гепатиті кезінде пациенттер өмір бойы диспансерлік есепте тұрады.

Созылмалы «С» вирустық гепатитінде (фиброз сатысында F1-ден кем) пациенттер элиминация, яғни ауру толық жойылған жағдайда ғана есептен шығарылуы мүмкін.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<