3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні

2163

0

Халықаралық мүгедектер күні әлемде жыл сайын 3 желтоқсанда атап өтіледі. Биылғы жылдың тақырыбы – мүгедектердің қажеттіліктерін ескере отырып, пандемиядан кейінгі инклюзивті және тұрақты әлемге жол салу.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бір миллиардтан астам адам, яғни әлем халқының шамамен 15% – ы мүгедектіктің қандай да бір түріне ие.

Қызылорда облысында 30 мыңнан астам мүгедек бар. Олар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған.

ҚР «МӘМС туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, I, II, III топтардағы мүгедектігі бар адамдар мемлекет жарналар аударатын азаматтардың 15 жеңілдік санаттарының қатарына кіреді (толығырақ сілтеме бойынша: https://fms.kz/kk/content/azamattardyn-zhenildigi-bar-sanattary).

Сонымен қатар, Заңның 27-бабына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі адамдар қатарындағы жеке кәсіпкерлер МӘМС жарналарынан босатылды, сондай-ақ жұмыс берушілерге мүгедектігі бар қызметкерлер үшін МӘМС-ға аударымдар төлеудің қажеті жоқ.

Азаматтардың осы санатына барлық медициналық қызметтердің қол жетімді. Медициналық көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына «Qoldau – 24/7» мобильдік қосымшасы арқылы жүгінуді сұраймыз. 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<