30 қазанның күн райы болжамы

547

0

«Қазгидромет» РМК-сы 30 қазанның күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, фронталды бөліктердің әсерінен республиканың басым бөлігінде күн райы тұрақсыз болады. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, елдің шығыс және оңтүстік аймақтары ғана жоғары қысым ықпалында болады, сондықтан күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың басым бөлігінде тұман, солтүстігінде бұрқасын, солтүстікте, солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыс бөлігінің таулы аудандарында жел күшейеді, солтүстік-шығыста көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысында, түнде шығысында 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, батыста екпіні 25 м/с жел күшейіп, түнде оңтүстікте, шығыста, күндіз солтүстікте, батыста көктайғақ, бұрқасын болады. Ақмола облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ болып, түнде солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қостанай облысының солтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Таңертең және күндіз өңірдің батысында тұман түседі. Жамбыл облысының таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, түнде тұман түседі. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, орталығында, солтүстік-батысында тұман түседі. Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түседі. Түнде және таңертең Алматы, Түркістан облыстарының таулы аудандарында тұман, Алматы облысының тауларында көктайғақ күтіледі.

www.kazinform.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<