300-ге жуық сынып карантинге жабылды

725

0

Қостанай облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті облыстағы мектеп оқушылары мен студенттер арасында КВИ шалдығу деректері туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 8 қазанға дейін білім мекемелерінде коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны мынадай: 572 оқушы, офлайн режимінде білім алып жүрген 350 оқушы, ЖОО мен колледжде оқып жүрген 98 студент. Ауруға шалдыққан 222 оқушы немесе 38,8% оқу жылы басталмай тұрып инфекция жұқтырған», деп хабарлады департаменттен.

135 мектепте КВИ шалдығу оқиғалары тіркеліп, 297 сынып карантинге жабылған. 147 сынып әлі карантинде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<