Жалағашта 700-ден астам адам жұмыспен қамтылған

856

0

Жалағаш ауданында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты негізінде өткен жылы 44 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өткен. Оның 84 проценті жұмыспен қамтылған.

     Бағдарламаның екінші бағыты – жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 102 жұмыссыз адамға 426,8 млн.теңге жеңілдетілген несие берілсе, жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 254 адам 139,9 млн теңге мемлекеттік грант жеңіп алған.

     Сонымен қатар жұмыссыз жүрген 1435 азамат «Жастар практикасы», әлеуметтік жұмыс орны мен қоғамдық жұмысқа тартылған.

     Өткен жылдың қорытындысы бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 708 адам жұмысқа орналасқан.

     Жобаларды іске асыру кезінде жұмыссыз жастарға және нысаналы топтағы адамдардың жұмысқа орналасуына басымдық берілді. Атап айтқанда, аудан бойынша 354 адам жұмыс тапса, оның 225-і жастар, 47-і аз қамтылған отбасы мүшелері және 3-мүмкіндігі шектеулі азамат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<