Балалар сурет сайысына қатысты

1007

0

1972 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы 5 маусым күнін Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні деп атады. Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні экологиялық проблемаларға назар аударуға, сондай-ақ оларды шешуге бағытталған әрекеттерді ынталандыруға арналған.

Жыл сайын осы күні қоршаған ортаны қорғауға және оны жақсартуға деген ұмтылыстарын көрсететін түрлі іс-шараларды өткізіледі.

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің бастамасымен Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің ұйымдастыруымен «5 маусым – Қоршаған ортаны қорғау» күніне орай «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» атты балалар сурет байқауын өткізді.

Биыл сурет байқауы өңірлік ауқымда «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылындағы оқушылар арасында ұйымдастырылып, 17 тәрбиеленушіні қатысты.

Байқаудың мақсаты – балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға қамқор болуға үйрету болып табылады. Әр оқушы өзінің туындысы арқылы туған жердің болашағын, оның экологиясының жай-күйін жеткізді.

Балалардың шеберлігімен салынған суреттердің ішінен үздіктерін таңдау оңай болған жоқ. Облыстың танымал суретші маман шақырылып, пікірі тыңдалды.

Комиссия қорытындысымен, тақырыптық мазмұнға сәйкес келетін балалардың суреттері таңдалып, олардың ішінен 6 жеңімпаз анықталды.

Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере келіп, Бас жүлдені Байтілеуова Сара, 1 орынды – Федорова Полина жеңіп алса, 2 орынды – Байтілеуов Бағдаулет және Ахмадулина Алеся, 3 орынды – Тәжібаев Азамат пен Данилова Зарина өзара бөлісті.

Жүлделі орынға ие болған балаларға Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысы атынан грамотасы табысталып, ынталандыру шаралары атқарылды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<