«FlyArystan»: Қызылордадан Ақтауға 9700 теңгемен саяхатта

381

0

Фото: FlyArystan әуекомпаниясы

FlyArystan лоукост әуекомпаниясы Қызылордадан Ақтауға және кері бағытқа билеттер сатылымын жариялады. Рейстер 2024 жылдың 3 маусымынан бастап, аптасына екі рет дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Ұшу кезеңі 2024 жылдың маусымынан тамыз айына дейін.

9 700 теңгеден басталатын билеттерді FlyArystan мобильді қосымшасында немесе flyarystan.com сайтында сатып алуға болады.

Қызылорда облысының тұрғындары FlyArystan рейстерінің арқасында теңіз жағасында орналасқан Ақтау қаласына ыңғайлы әрі қолжетімді бағамен саяхаттап қана қоймай, сонымен қатар шетелге Грузияға (Кутаиси), Әзірбайжанға (Баку) немесе Түркияға (Ыстамбұл) саяхаттай алады.

FlyArystan сапарыңызды алдын ала жоспарлауды және әуе билеттерін қолжетімді бағамен сатып алуды, сондай-ақ мобильді қосымшада немесе әуе компаниясының ресми сайтында ішкі және халықаралық рейстерге тегін онлайн тіркеуден өтуді ұсынады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<