АӘТД сабағына мемлекеттік пән мәртебесі берілді

463

0

Сурет Өрлеу Қызылорда

Алғашқы әскери дайындық меншік нысанына, типі мен түріне қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, арнаулы орта оқу орындарында (колледждерде) шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың меңгеруге міндетті, оқытылатын пән болып табылады.

Осыған орай, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы 2023 жылы АӘТД пәні оқытушы-ұйымдастырушыларына республика бойынша 2111, оның ішінде «Өрлеу» Қызылордада 225 тыңдаушының пәндік құзыреттілігін арттыру курстарын өткізу жоспарын орындауда.

Қызылордада 6-17 қараша аралығында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық педагог-ұйымдастырушыларының пәндік құзыреттіліктерін дамыту (10-11 сыныптар)» тақырыбында АӘТД пәні оқытушы-ұйымдастырушыларына арналған 2023 жылғы соңғы біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр.

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық педагог-ұйымдастырушыларының пәндік құзыреттіліктерін дамыту (10-11 сыныптар)» бағдарламасы білім алушыларды әскери қызметтің дағдыларын меңгеруімен қоса, әскери іс негіздері мен төтенше жағдайларда адамның өмір қауіпсіздік әрекетінен білім беруге бағытталған.

Курс соңында тыңдаушылар:

оқу пәнінен сабақ беруде инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану;

білім берудің жаңа талаптарына сәйкес оқыту үдерісін жобалау;

пәндік оқыту дағдыларын жетілдіру;

оқушыларға сапалы білім мен патриоттық тәрбие беру сапасын арттыру үшін сабақ барысында жаңа заманауи технологияларды пайдалану;

білім беру жүйесінде педагогтердің қызметін реттейтін заңнамалық құжаттардан алған білімдерін педагогикалық тәжірибеде қолдану дағдыларын меңгереді.

Сонымен бірге тыңдаушылар өз тәжірибесін басқалардың нәтижелерімен салыстыруға, әріптестерінің кеңестері мен ұсынымдарын қолдануға мүмкіндік алады.

Курстың екінші аптасы курстан кейінгі сүйемелдеуді іске асыру бойынша көшпелі тәжірибелік сабақ, шебер-сынып, ашық сабақ, бірлескен жұмыс түрлерімен жалғасуда. Педагогтер «Әскери робототехника негіздері. Әскери істе роботтарды қолдану» тақырыбы бойынша жоба қорғап, әскери істе қолданылатын роботтарды құрастырды. Оқу барысында демо-сабақ презентациясын, заманауи көрнекіліктер мен ресурстарды пайдаланып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<