Әкелер күніне дөңгелек үстел ұйымдастырылды

603

0

ҮЕҰ ресурстық орталығының ұйымдастырумен «Әкелер күні» мерекесіне орай «Отбасындағы және бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге білім саласында 34 жыл қызмет жасаған ардагер ұстаз, «Германиядағы кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің тобы» ардагерлер» Қызылорда облыстық ҚБ филиалының төрағасы А.Шүренов, «Қызылорда облысы бойынша Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығыстарды реттеуге қатысқан, ұрыс қимылдарының ардагерлері» ҚБ төрағасы Б.Төлегенов, «Батыр ана» ҚБ төрайымы Г.Әбдіхалықова, Тасбөгет кенті мешітінің наиб имамы С.Райымбеков және п.ғ.м., психолог Қарлығаш Қойшыбаева және белсенді жастар ұйымдарының өкілдері мен өнерлі оқушылар қатысты.

Отбасы құндылықтарын насихаттау, жанұядағы әкенің рөлі мен тәрбие, отбасы институттарын жаңғырту мәселелері сөз болған жиында алдыңғы буын ағалар өз өмірлік тәжірибелері мен отбасындағы құндылықтары және ұстанымдарын ортаға салды. Отбасы институтын дамытудың маңызы, бала мен әкенің қарым-қатынасына қатысты жастардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.

Шара аясында ата-бабаларымыздың, әкелеріміздің ертеректе тұтынған құнды жәдігерлерінен көрме ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, «Samruk kids» балаларға арналған спорттық-шығармашылық орталығы, «Zhanyia school» қосымша білім беру мектебінің өнерлі жастары домбырамен күй тартып, әкелерімізге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Шара соңында Қызылорда қаласының тарихы музейіне экскурсия ұйымдастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<