Әлемнің сыйы – әйел-аналарда

726

0

Жер бетіндегі бар тіршілік нәр алып, бастау алатын, табиғат оянып, көңілге қуаныш ұялайтын көктемнің төл мерекесі, яғни Халықаралық 8-наурыз әйелдер күніне орай «Әлемнің сыйы әйел – Аналарда» тақырыбында Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейде Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы мен қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Орынша Міржақыпқызы ұстаздар қауымын құттықтады. Мерекелік шарада жүрек жарды ақ-тілектер айтылып, алғыс, құрмет грамоталармен марапаттауға да уақыт бөлінді.

– Ардақты аналар! Аяулы арулар! Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйелдер қауымы – әрдайым отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы. Әр адамның өміріндегі қуанышты әрі жарқын сәттердің көп болуына сіздер мол үлес қосып келесіздер. Ел басына күн туғанда асыл аналарымыз бен аяулы аруларымыз қиындыққа мойымай, ұлт тағдырына араласты. Еселі еңбегімен және ерен ерлігімен танылған әйелдердің есімдері тарих жылнамасына мәңгілікке жазылып, жадымызда жатталады. Қыздар бар жерде құт бар, құт бар жерде қазына мол. Демек, айдай сұлу аруларымыз арамызда жарқырап жүрсе өмірдің мәнділігі өзектеле түседі. Сүйіспеншілік артады, сыйлыстық төрге озады. Біз сіздерге отбасында бақыт, сұлулық, амандық тілейміз, – деді Ерлан Теңізбайұлы.

Шара барысында ұстаздарға арнайы әзірленген сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыстап, білім саласында еңбегі еленген ардагер мұғалімдерді құрметтеп шапан жапты. Сонымен қатар, ұстаздар түрлі номинациялармен марапатталды. Мерекелік кеште жас өнерпаздар әннен шашу шашып, би биледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<