Әлеуметтік нысандарды аралады

263

0

Фото: Қазалы ауданынынң әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Қазалы қаласына арнайы барып, әлеуметтік нысандарды аралады.

Аралау кезінде Қазалы аграрлы-техникалық колледжі, М.Горкий атындағы №16, Ғ.Мұратбаев атындағы №17, Қ.Нұрмаханов атындағы №95 мектептер мен «Ақерке» балабақшасының және «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығының жұмысымен танысты. Білім беру мекемелерінің жай-күйін көрген аудан әкімі ондағы кемшіліктерді шұғыл қалпына келтіріп, ең әуелі мекеме аумағындағы тазалық мәселесіне аса назар аудару керектігін ескертті.

Сонымен қатар қалада орналасқан Мәдениет үйі, «Шипагер» дәрігерлік амбулаториясы, №18 Қазалы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейі мен Ғанибай үйі, Қазалы конфет цехы, Қарасақал Ерімбет атындағы орталық саябақ, жеке спорт кешені, Ардагерлер алаңы мен Жастар үйі ғимараттарында аралады.

Қазалы қаласындағы республикалық санаттағы архитектуралық ескерткіштердің бірі – Ғанибай үйі. Халық арасында «Керуен сарайы» аталып кеткен бұл ғимаратқа реставрация жұмыстары жүргізіліп, қайта қалпына келтірілген болатын. Аудан әкімі тарихы маңызы жоғары мұндай ғимаратты бос қалдырмай пайдалану жөнінде тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Мейрамбек Зинабдинұлы қала әкіміне ең бірінші әрбір мекеме мен нысандардың және қала аумағындағы жалпы тазалық жұмыстарын шұғыл қолға алып, қураған ағаштарды кесу, орнына қайта көшеттер отырғызу, істен шыққан жарықшамдарды қалпына келтіру, ағаш түптерін әктеу, қоршаулар мен орындықтарды, жол белгілерін сырлау сынды басқада қаланы көркейту бағытындағы жұмыстарды орындауды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<