Әлеуметтік қызметтің әлеуеті артпақ

408

0

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай аймақта бірнеше шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі 250 мүгедектігі бар бала Н.Бекежанов атындағы драма театрда тегін қойылым тамашалады.  Ерекше қажеттілігі бар ересек жандарға да спектакль көрсетілді.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Әбдукаримов баяндады.

− Көмекке мұқтаж халықтың әлжуаз топтарынан шыққан 8143 адамға қайырымдылық көмектер көрсетілді. 50 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткізген әлеуметтік қызметкерлерді тестілеуде 512 әлеуметтік қызметкер қатысып, оның 82,2 пайызы шекті көрсеткіштен жоғары балл жинады. Қазіргі таңда Үкімет тарапынан Әлеуметтік қамсыздандыру кодексі әзірленуде. Кодексте әлеуметтік қызметкердің мәртебесі және олардың жалақысының кезең-кезеңімен арттырылуы қамтылатын болады − , деді Мейрамбек Жақсылықұлы.

«Nur Otan» партиясының «Өзгеру жолы: әрқайсысына лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес биыл арнайы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығы жанынан мүгедек балаларға арналған 20 төсектік оңалту орталығы ашылды. Сондай-ақ Ұлы Жеңістің 76 жылдығы мерекесінде 3756 Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен оларға теңестірілгендерге әлеуметтік көмек берілген.

Гүлбану МАҚАЖАН

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<