Әнші Ақбота Керімбекова Шымкентте қызметке тағайындалды

345

0

Әнші Ақбота Керімбекова Шымкент қаласының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Керімбекованың тағайындалғаны туралы әншінің құрбысы Индира Елубаева Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

«Менің Ақбота дос-құрбым бүгін Шымкент қалалық мәдениет басқармасының орынбасары болып тағайындалды. Құтты болсын айтып,жұмысына абырой мен береке, бірлік пен табысты еңбек тіледім. Елдің ең бірінші бетпердесі – мәдениет пен өнер. Өркендеуге нәсіп етсін Алла!», – деп жазды құрбысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз