Әр қызметкердің міндеті – сыбайластыққа жол бермеу

623

0

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың, лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды деген ойдамын. Қазір барлық дамыған елдер заманға сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресудің жаңа әдістерін іздеп тырысуда. Соның ішінде сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапкершілікті арттыратын қатаң заңдар қабылдауда.

Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күреске жалпы мемлекеттік саясат мәртебесі берілген, оны жүзеге асыру бойынша ұйымдастырушылық және құқықтық іс-шаралар жалпы жүйелік және кешенді сипатқа ие болып отыр. Жемқорлық билік еткен қоғамның алға баспайтынын ескерсек, оны кезек күттірмес мәселелер қатарында тез арада реттеуге тиістіміз. Ал бұдан да жақсы жетістікке жету үшін барлығымыз жұмыла бұл дертпен күрескеніміз дұрыс.

Қазіргі танда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды факторларына нормативтік-құқықтық базаны әрі қарай жетілдіру, жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту, халыққа қызмет көрсетуде тығырыққа тірейтін көптеген әкімшілік тосқауылдарды болдырмау және ең маңызды шара ретінде халық арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті насихаттау тәрізді шаралар жатады. Осыған байланысты іске асыратын негізгі шараларға — мемлекеттік органдардың жұмыстарын ашық және анық қамтамасыз ететін мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты стандарттарын енгізу әрі шешімдерді қабылдаудағы тиімділікті арттыру мәселесіне кешенділікпен келуге тиіспіз.

«Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-нің (бұдан әрі – Инспекция) қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерден (әрекетсіздіктен) сақтандыру және алдын алу, болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын орнату мақсатында құқықтық оқытулар ұйымдастырылады.

Басшылық тарапынан инспекторларға рейдтік іссапарға және тексеруге шығар алдында, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оның қоғамдағы, кез-келген ортадағы өзін-өзі ұстауы мінсіз болуы жөнінде, әрдайым ескертіліп отырады.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатымен Инспекцияның құзіреттілігі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жеке және заңды тұлғалармен тікелей қарым-қатынас орнатпау бағытында 1). Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру;

2). Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру;

3). Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттар беруге қатысты 3 түрлі мемлекеттік қызмет «Е-лицензиялау» электрондық үкімет порталы арқылы электрондық түрде көрсетіледі.

Инспекция қызметкерлері еліміздің сыбайлас жемқорлықпен күресу бағытындағы саясатын толық қолдап, өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерін адал атқаруда.

Р.БУРАБАЕВ,

жануарлар дүниесі және аңшылық

шаруашылығы бөлімінің басшысы  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<