Әрі демалыс, әрі терапия

221

0

Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі

Жергілікті кәсіпкерлерді қолдау әрі қала тұрғындарын кәсіпке баулу, кәсіп түрлерімен таныстыру мақсатындағы «Әрекетке берекет» айдарын жалғастырамыз.

Айдардың бүгінгі тақырыбы қала шетіндегі Марал Ишан көшесінде (бұрынғы целлюлоза-картон зауытының аумағы) үйлесімді орналасқан «Ранчо-83» кешенінің жұмысымен таныстыруға арналады.

Кешен өз жұмысын өткен жылдың мамыр айында бастаған. Бұл ерекше жобаны кәсіпкер Тимур Жүсіпов жұбайы Досжан Майраның қолдауымен жүзеге асыруда.

Ранчоға келушілер таңғажайып құстарға, (олардың арасында тауыс құс, алтын қырғауыл, африкалық түйеқұстар да бар) жанат, тиын, қояндар және жылқыларға азық беріп, жалпы табиғатпен тілдесіп, әдемі әсер ала алады.

Мұнда медицина қызметкерлерінің бақылауымен ересектер мен балаларға иппотерапия әдісі қолданылады. Бұл әдіс сал ауруы, неврологиялық және психологиялық қатеріне шалдыққан балаларға пайдасы зор.

Айта кету керек, ранчо жыл бойы жұмыс істейді, әрі келушілерге қызмет көрсету сапасы жоғары, ерекше жайлы атмосферасы отбасылық демалысқа таптырмас орын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<