Әскерге шақыру науқаны жалғасуда

560

0

Облыста көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқаны жүргізілуде. ҚР Қарулы күштері және басқа да әскери құрылымдарға 700-ге жуық қызылордалық азамат әскери борышын өтеуге аттанады. Қазіргі уақытта ҚР ҰҚК Шекара қызметіне 130-ға жуық, ҚР Қарулы күштері қатарына 300-ге жуық азамат жөнелтілді. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Алмат Жақыпов хабарлады.

– Аймақ азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру барысы жоспарға сәйкес жүргізілуде. Талаптар мен міндеттемелер ұдайы түсіндіріліп, облыстық жиын пункті жанынан қоғамдық қабылдау ұйымдастырылады. Облыс әкімдігінің қаулысы негізінде облыстық жиын пунктінен және теміржол станциясынан сарбаздарды шығарып салу барысында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Сонымен қатар қала және аудандарда медициналық комиссиялар толығымен тәжірибелі мамандармен қамтамасыз етілген, – деді департамент бастығының орынбасары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<