Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының ұйымдастыруымен, Қызылорда облысының полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Қызылорда қаласының прокуратурасы, Қызылорда қаласының пробация қызметі, Қызылорда қаласының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі және Қызылорда қаласының жастар орталығымен бірлесіп, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық спортты дәріптеуге, зиянды әдеттер мен есірткінің алдын алуға бағытталған «Ұлттық спорт – ұлт рухы» тақырыбында қылмыстық жазасын өтеген және пробация қызметі есебіндегі азаматтар арасында спорт түрлерінен жарыс өткізілді.
Іс – шараны ашылуында ұйымдастырушы мекемелердің өкілдері сөз сөйлеп, мұндай спорттық жарыстардың қоғамда салауатты өмір салтын насихаттаудағы, ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі және азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал етудегі маңыздылығын атап өтіп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Шара барысында қатысушылар гір тасын көтері, қол күрес және асық ату сайыстары бойынша өзара бақ сынасты. Барлық қатысушылар жоғары белсенділік танытып, өз шеберліктерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша әр спорт түрінен үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздарға арнайы дипломдар, медальдар және бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға аталған сайыста белсенділік танытқаны үшін алғыс хаттар берілді.





