Аға тәлімгерлерге арналған тәжірибе алмасу семинары

817

0

Мұстафа Шоқай атындағы №187 ІТ мектеп-лицейінде «Өрлеу» Қызылордамен бірлескен «Аға тәлімгерлердің мобильді қызметін ұйымдастыру үшін интернет платформаларын, SMART-құрылғы қосымшаларын, АКТ мен цифрлық білім беру ресурстарын қолдану» және «Жас ұлан», «Жас қыран» балалар қоғамдық ұйымдарының қызметін сүйемелдеу» тақырыбында мектеп тәлімгерлеріне арналған қалалық семинар өтті.

«Білім беру ұйымдарындағы аға тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» атты көшпелі тәжірибелік сабақ аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, білім алушыларды заманауи талаптарға сәйкес жан-жақты дамыту мен оқыту бойынша тәжірибе алмасу.

Семинар барысында мектеп-лицейдің директоры Ұлықпан Баймбетов пен «Жас Ұлан» ұйымының атқарушы хатшысы Гүлжібек Қапанова оқу-тәрбие барысында ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін кеңінен қолдана отырып атқарылып жатқан шараларды атап өтті.

Бағдарламаға сәйкес жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың көрмесіне тоқталды.

Мектеп жасұландарының өзіндік жобалары:

«Үлкендерден өнеге» подкаст жобасы;

«Шоқай ұландары» қысқаметражды фильм жобасы;

«Ауылtime» жобасы;

«Флешdanсe» жобасы таныстырылып, жас ұландардың атқарып жатқан жұмыстары көрсетілді.
Сонымен қатар, «Жас Ұланның жұлдызды жылы» акциясына сәйкес атқарылған жұмыстарға шолу жасалды, «Алаш Ұлағаты – Ұландар үнінде» жылдық жоспары аясында қойылым көрсетілді.

Көшпелі тәжірибелік сабақтың қорытынды бөлігінде курс тыңдаушыларымен кері байланыс жасалып, өткізілген шараға оң баға берілді. «Өрлеу» Қызылорда филиалының аға оқытушысы, курс жетекшісі Жанар Құлымбетова семинарды қорытындылады.

Тәжірибе алмасу семинарында тәжірибелік жұмыс көрсеткені үшін мектеп-лицейдің тәлімгері Нұржанат Жаңабай филиал директорының Алғыс хатымен марапатталды.

Жанар Құлымбетова,

«Өрлеу» Қызылорда филиалының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<