Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау барысы талқыланды

534

0

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы жұмыс тобы 2 күндік жұмыс сапарымен Сыр өңіріне келді.

Осыған сәйкес, басқарма басшы Талғат Дүйсебаевтың төрағалығымен жиын өтті. Кездесуге басқарма, қала мен барлық аудандардың сала мамандары мен шаруашылық құрылымдарының өкілдері қатысты.

Жиында субсидиялаудың жаңа мемлекеттік ақпараттық жүйесінде жұмыс жасау тәртібі, субсидиялау барысында туындаған проблемалық мәселелерді пысықтау және түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, министрлік өкілдері Gosagro.kz порталына қатысты туындаған проблемалық мәселелер мен шаруашылықтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, шешу жолдары талқыланды.

Осы бағытта, сала мамандары мен шаруашылық өкілдерінің қатысуымен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында ертең де жиын өткізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<