Ахмет Байтұрсынұлының рөліне онлайн кастинг жарияланады

343

0


Ахмет Байтұрсынұлының рөліне онлайн кастинг жарияланады, деп хабарлады «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының баспасөз хатшысы Айдын Дүйсенбайқызы Facebook-тегі парақшасында.

«Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы Ахмет Байтұрсынұлы туралы түсірілетін тарихи телехикая актерлеріне кастинг жариялайды. Ахмет Байтұрсынұлының 25-35 және 45-65 жас шамасындағы кезін сомдауға басты рөл актерлеріне онлайн іріктеу жүргізіледі.

Үміткерлер өзі туралы ақпаратты (фото, видео) 2021 жылғы 1 сәуірге дейін casting@qazaqstan.tv электронды поштасына жолдауы тиіс « делінген хабарламада . Мәліметке сай, мемлекет қайраткері, ағартушы А.Байтұрсынұлының өмірі мен ұлтқа сіңірген еңбегін баяндайтын тарихи телехикая биыл эфирге шығады деп жоспарланған. Онлайн кастингке қатысушылар үшін қосымша байланыс нөмірі: +7 706 408 5868.


inform.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<